Центр искусств  Сауле Жанпеисовой
Адрес:
г. Астана: Кабанбай батыра 11, ЖК Триумф Астаны 5 секция
г. Алматы: Театр традиционного искусства Алатау (Момышулы-Рыскулова)
Перезвоните мне!

kaz

Өтінімді көшіру  

                                                                                                                                                   І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АМАNАТ music»

КОНКУРС-ФЕСТИВАЛІНІҢ  ЕРЕЖЕСІ

«AMANAT musiс» Республикалық конкурс-фестивалі Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының құрылғанына жыл толуына, сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәуле Жанпейісованың  жетекшілігімен ашылған «Аманат» өнер орталығының бір жылдығына орай өткізілгелі отыр. 

Конкурс-фестивальдің ұйымдастырушылары: «Аманат» өнер орталығы,  «Алатау» дәстүрлі өнер театрының қолдауымен өткізеді.

Ақпараттық демеушілер: Республикалық газет-журнал, радио, телеарна, сайт пен медиапорталдар.

Осы ереже конкурстың мақсаты мен міндеттерін, талаптары мен өткізу тәртібін анықтайды.

 

КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

 

Байқаудың басты мақсаты:

     –   Конкурсанттардың байқау барысында өзара достық қарым-қатынас қалыптастыруына жол ашу;

–       Дарынды жастарға шығармашылық қолдау көрсету;

–       Патриоттық,  азаматтық,  мәдени-эстетикалық тәрбиелеу;

–       Дарындының даралығын насихаттау; 

–       Қатысушылардың шығармашылық әрекеттерінің  түрлері мен бағыттарын дәріптеу;  

 

      КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ  ӨТКІЗУ ТАЛАПТАРЫ:

 

Конкурс-фестивальге келесі номинациялар бойынша өтеді:

–       Дәстүрлі ән, жыр-терме (ұлттық аспап сүйемелімен жеке орындау)

–       Халық аспаптарында жеке күй орындау;

–       Эстрадалық вокал (жеке орындау)

–       Халықтық ансамбльдер (дуэт, трио, квартет, т. б., 15 адамға дейін)

 

Байқауға  республикамыздың барлық облыстарының  және Алматы, Астана қалаларының өнерпаздары қатыса алады.

 

Қатысушылардың жас шамасына қарай сайысатын топтары:

–       5 – 7 жас (кіші топ)

–       8 – 12 жас (орта топ)

–       13 – 17 жас (үлкен топ)

–       18 – 25 жас (ересек топ)

Қатысушылардың  өнер көрсету реті ұйымдастыру алқасының  шешімімен анықталады. 

    

       Техникалық шарттар

–       Қатысушылар сүйемелдеуші аспаптарын өздері әкеледі;

–       Ән мини дискіде және флешкаға жазылуы тиіс. Шығарма салынған диск пен флешкада тек байқау шығармасы ғана жазылуы шарт;

–       Фонограммаға (+) тиым салынады;

–       Шығарма салынған диск пен флешканың сыртында және ішінде қатысушылардың аты-жөні, шығарманың аты жазылуы керек;

–       Әр қатысушы тізімдік рет бойынша дайын тұруы тиіс, сүйемелдеушінің аспабы мен құралдарының дайындығына жетекшісі жауапты;

–        Қатысушы кіші топ 1 шығарма, қалған топтар 2 шығармадан орындайды. Шығарманың жалпы ұзақтығы 7 минуттан аспауы тиіс.

 

Байқаудың қазылар алқасы

–       Қазылар алқасының құрамы мәдениет және өнер қайраткерлерінен, кәсіби мамандардан түзіледі;

–       Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, сондай-ақ байқау ережелерінің бұзылуына жол берген қатысушылар байқаудан шеттетіледі;

–       Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы;

–       Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 30 ұпайлық жүйе бойынша (10 ұпай ашық, 20 ұпай жасырын) бағалайды. Жинаған ұпай саны бойынша орындаушылар қатарынан байқаудың жүлдегері анықталады.

 

Ұйымдастыру талаптары:

Қатысушылардың барлық шығынын жіберуші жақ төлейді (Жолы, тамағы, жатар орны т. б өз есебінен) Кәмелет жасқа толмағандар үшін жетекшісі немесе ата-анасы жауапты.

 

Конкурс-фестивальге  қатысушылар төмендегідей  ұйымдастыру жарнасын төлейді:

–       Жеке орындаушылар – 15. 000 тг.

–       Дуэт, трио – 20.000 тг.

–       Ансамбль – 4 адамнан 10 адамға дейін – 30.000 тг.

–       11 адам және одан жоғары болса – адам басына 3.000 тг.

 

     Байқау жарнасын төлеу жүлделі орынға кепілдік бермейді.

     Қатысушылардың жарнасы фестивальдің ұйымдастыру шараларына (жарнама, сахна безендіру, қазылар алқасына, дипломдар мен ескерткіш сыйлықтар, т. б.) шығындарға жұмсалады.

 

Байқау шарттары:

Қатысу үшін төмендегідей құжаттарды толтыру қажет:

–       Өтініш ұсынылған анкета бойынша 25 қазанға дейін қабылданады;

–       Осы уақыт аралығында қатысу жарнасы төленуі тиіс.  Өтінішпен бірге жарна төленген түбіртек көшірмесі болуы міндетті. Ал түпнұсқасы байқау болатын күні тапсырылуы керек;

–       Тапсырыс анкетасы электронды пошта арқылы Word форматта қабылданады. Сүйемелдеуші болған жағдайда, анкетаға енгізілу сұралады;

–       Кәмелетке толмаған қатысушыларға  балалардың қауіпсіздігі үшін жауапты адам болуы міндетті.

 

Шығарма шарттары:

Кіші топ 1 шығарма орындайды, қалған топтар 2 шығарма орындайды.

2-ші шығарманы – өз қалауы бойынша  кез-келген өнер түрінен көрсете алады. Қатысушы 2-ші шығармаға қалаған жанрында басқа өнер түрінен шығарма орындауға құқылы немесе бірінші орындаған шығарма жанрында өнер түрін жалғастыра алады.

 

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ:

2017  жыл  1-4 қараша  күндері 

Өткізу орны:  Алматы қ., Алғабас-1 мөлтек ауданы, Момышұлы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысы, «Алатау» дәстүрлі өнер театры

1 қараша – қатысушылардың келуі, орналасу, қаланың көрікті жерлеріне саяхат (қалауы бойынша қосымша ақы негізінде)

2  қараша  – шеберлік сабақтары, 19.00-де – «Алатауды жаңғыртты домбыра мен қомузым» атты Қазақстан және Қырғызстан дәстүрлі өнер шеберлерінің концерті

3 қараша – Конкурс

2017  жыл  4 қараша күні 16.00-де  Гала-концерт,  марапаттау.

Өткізу орны:  «Алатау» дәстүрлі өнер театрының үлкен залы.

 

КОНКУРС ОРЫНДАУШЫЛАРЫН БАҒАЛАУ:

–       орындау шеберлігінің деңгейі;

–       дарынның ерекшелігі, әсерлілік;

–       сахна мәдениеті;

–       қатысушының жасына репертуарының үйлесімділігі.

 

КОНКУРСТЫ  ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:

Ұйымдастыру комитетіне қатысушы туралы толық мәлімет пен  концерттік бағдарламасы толтырылған өтінім тапсырылады.  

Өтінімдер 2017 жылдың  25 қазанына дейін  электрондық түрде арнайы дайындалған бланкте келесі эл.пошта бойынша қабылданады:

         amanat.konkurs@gmail.com

         Әлеуметтік желідегі мекен-жайымыз: @amanat_music

         Анықтама телефондары: 8 (747) 109-20-08, 8 (701) 362-30-35

 

 

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ:

Қатысушыларды марапаттау рәсімі 2017 жылдың  4 қараша күні  16.00-де қорытынды гала-концерт және фестивальдің салтанатты жабылуында өткізіледі.

Жеңімпаздар Бас жүлде, 1, 2, 3 орын (әр номинация бойынша) лауреаттық дипломдарымен, кубоктар және медальдармен марапатталады.

Конкурс-фестиваль аясында қазылар алқасы үздік педагогтарды анықтап, дипломдармен марапаттайды.

Конкурс Ережесіне сай Бас жүлде бөлінбейді, қалған орындар қазылар алқасының шешімімен өзгертуге құқылы.

 

Қатысушылардың  саны, репертуарлық бағдарламасы қабылданып алғаннан соң конкурс-фестивальға 10 күн қалғанға дейін өзгертуге болады.

 

Біздің реквизиттер:

 

АО "Банк Астаны"

БИК: ASFBKZKA(190501450);

РНН: 600900607832; БИН ; Облысы, ауданы: 6004;

№ KZ374509939890074238. Ашылу күні: 31.01.2017 .

АО "Банк Астаны"

Адрес:
г. Астана: Кабанбай батыра 11, ЖК Триумф Астаны 5 секция
г. Алматы: Театр традиционного искусства Алатау (Момышулы-Рыскулова)
График работы:
с 09.00 до 21.00
Без выходных